«Халық банкі» мен «Қазком» біріге ме?

0
172

Ұлттық банк «Халық банкі» мен «Қазком» келіссөз­дерінің басталғаны туралы ақ­­паратқа түсініктеме бер­ді.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ пен «Қазком» АҚ арасында келіссөздердің басталғаны ту­ралы Ұлттық Банкке банк­тердің менеджменті және акцио­нерлері  хабарлады. Қар­жы нарықтарының жаһандануы және ықпалдасу процестерінің күшеюі жағдайында банк сек­­торының шоғырлану үр­дісі көптеген елдерге, оның ішінде Қазақстанға да тән. Бұл ту­ралы ҚР ҰБ Төрағасының орын­басары Олег Смоляков хабар­лады. «Мәміле нақты іске асы­рылғанға дейін банктер Ұлттық Банк­тен ірі акцио­нерлерді ауыс­тыруға келісім алуға тиіс, ол келісім банктердің барлық депозиторлары мен креди­торларының мүддесін қорғау қамтамасыз етілген, сон­дай-ақ банктердің бизнесін ор­нық­ты дамыту үшін жаңа ак­цио­нер­лерде қаржылай мүм­кін­дік бол­ған жағдайда ғана болуы мүм­кін», – деп хабар­ла­ды О. Смоля­ков.

Жауап қалдыру