Халықаралық форум өтті

0
69

Мамырдың 25-26-сында «Жаңа экономикалық шын­дық: әртараптандыру, жаң­­ғыр­тулар және білім эко­­но­ми­касы» атты тақы­рып­пен өтетін Астана эко­но­микалық форумы ая­сын­да «Қаржылық өсудің әлем­дік тәжірибесі: Астана Халық­аралық қаржы орта­лығын дамытуға арнал­ған механизмдер мен құрал­дар» сессиясы болып өтті.
Шараны «Астана» халық­аралық қаржы орта­лығы әкімшілігі» АҚ мен «Ға­лым­дардың Еуразия­лық эко­номикалық клу­бы» Қауым­дас­тығы бірлесе ұйым­дас­тыр­ды. Сессия бары­сын­да Астана халық­аралық қаржы орталығы мүм­кін­дік­тері ту­ралы әңгіме өрбіп, Орта­лыққа отандық және ше­телдік инвестициялар ағы­мын ынталандыру жайы тал­қы­ланды. Бұдан бөлек, сарап­шылар «Астана халық­аралық қаржы орталығының» даму бола­шағын, шетелдік әлемдік қаржы орталықтарын құру және дамытудың жетіс­тікті тәжі­ри­бесін қолдану мүмкін­дік­терін қарастырды.

Жауап қалдыру