Туристік кластер қалыптасуда

0
109

Алматы облысында облыс мәслихатының шешімімен ұзақ мерзімге бекітілген об­лыс туризмін дамытудың ше­бер­лік жоспарын іске асыру жалғастырылып ке­леді.
Алматы облысы бойынша туризм басқар­масының бас­шысы Жанар Алшым­баеваның түсін­діруінше, құжаттың не­гізгі мақсаты біздің туристік өніміміздің бәсекеге қабілет­тілігін арттыру, бизнес­ті жүр­гізу үшін қолайлы жағ­дай­лар жасау, туризм инфра­құрылымын дамыту болып табылады.
«Шеберлік жоспары халық­аралық тәжірибені есепке ала отырып, аймақтың турис­тік саласының қазіргі жағ­дайының кешенді жоспары негізінде жасалған және облыстағы туризмді дамыту жоспарын көрсетіп отыр. Об­лыс аумағында 5 туристік кластерді қалыптастыру көз­дел­ген: Талғар-Есік, Қап­шағай, Қарадала, Райым­бек, Алакөл-Жетісу және Шы­ғыс-Балқаш. Аудан­дар мен қа­­ла­ларда жетекшілік етіп отыр­ған әкімдер орын­басар­лары­ның төра­ғалығымен жұ­мыс топтары құрылған», – деп түсіндірді Ж.Алшымбаева.

Жауап қалдыру