Ту-154Б ұшағы уақытша ұшырылмайтын болды

0
63

Сургут – Мәскеу бағытын­дағы 348-рейсті орындайтын Ту-154Б ұшағы өткен сенбі күні Сургут әуежайында өртке орануы салдарынан үш адам көз жұмып, тілсіз жаудан денесі күйген және газбен уланған 43 жолаушы ауруханаларға жет­кі­зілді. Қазіргі таңда Сургут ау­руханаларында зардап шеккен 28 науқасқа медициналық көмек көрсетілуде. Оның 24-і жеңіл, 3-еуі орташа деңгейдегі жарақат алған, сондай-ақ ал тыныс алу жолдары күйіктен зақымданған бір адам ауыр халде жатыр деген мәлімет бар. «Когалымавиа» әуе­компаниясының 1-қаңтарда жер­гілікті сағат 15:00 шамасында өртке оранған Ту-154Б ұшағында 116 жолаушы болған, оның 9-ы – бала, 8-і – экипаж мүшесі, 10-ы – әуекомпания қызметкері. Тергеу органдары орын алған төтенше жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады. Ту-154 ұшағының апатқа ұшырауына ұшақтың техникалық тұрғыдан жарамсыздығы мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы себепкер болды деген болжамдар айтылуда. Бірақ апаттың негізгі себебі жүргізілген техникалық сарап­тамалардың нәтижесінен соң анықталады.

– Өртенген ұшақта мерт бол­ған үш адамның аты-жөні ДНК тексерісі арқылы анық­талуда, – дейді Ресейдің Тергеу комитеті. Қазіргі таңда мерт бол­ғандардың мәйітіне медици­налық сот сараптамалары бо­йынша зерттеу жұмыстары жүр­гізілуде. Олардың аты-жөнін генотипоскопиялық сарап­тамалар арқылы анықтау үшін қаза болғандардың жақын туыс­тарының келіп-жетуі күтілуде. Мемлекетаралық авиация ко­митетінің (МАК) комиссия мү­шелерімен бірігіп оқиға орын алған жердегі жұмыстарын жалғастыруда.

Оқыс оқиғаға орай қауіпсіз­дік қозғалыс ережелерінің бұзы­луы және абайсызда екіден ар­тық адамды қазаға ұшыратқан әуе транспортының эксплуата­циясы ретінде қарастырылып, ҚК-ның 263-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 7К-348 Сургут – Мәскеу бағыты­ның барлық жолаушыларына 2011 жылдың 1-қаңтарындағы оқиғаға байланысты 20 мың рубль көлемінде қаржылай көмек көрсетпек, – деп мәлім­дейді әуекомпания сай­тында. Бүгінгі таңда «Ростран­с­надзор» «Когалымавиа» әуекомпания­сы­ның жұмысын жан-жақты әрі мұқият тексеруде. Компания тарихына үңілсек, сонау 1963 жылы жасап шығарылған Ту-154 ұшағының аспан әлеміне ең алғаш рет Мәскеу-Минералды Сулар тұрақты бағыты бойынша 1972 жылы 9-ақпанда қанат қаққан. Бүгінгі таңда Ту-154 ұшағының ұзын саны 900-ге тарта түрі шығарылған. Рос­транснадзордың пікірінше, осы типті ұшақтардың эксплуата­циясының тоқтатылуы авиаком­панияның жұмысына кедергі келтірмейді, – дейді «РИА Но­востиге» берген сұқбатында бас­шылықтың арнайы өкілі. «РИА Новости» таратқан мәлі­меттегі Ространснадзордың өкі­лінің айтуынша, Ресейде Ту-154Б-2 ұшағының 14 ұша­ғы эксплуатацияланған. Сургуттегі сенбілік оқиғаға дейін олар­дың саны 15 болған. «Рос­транс­надзор» оқиғаға қатысты мәселенің мәнісі анықтал­ма­йынша, Ту-154Б ұшақтарының жұмысын тоқтату тура­лы ұсы­ныс жасаған құжат толтырды.

 

Балнұр Ахметова.

Жауап қалдыру