Тікұшақ апатқа ұшырады

0
72

Алматы облысында сан­авиация тікұшағы апатқа ұшы­рап, бортта болған 5 адам­­ның барлығы қаза тап­ты.
27-қаңтар күні Алматы облысында Алакөл аудандық ауруханасынан анасы мен кішкентай баласын тасы­мал­даған санавиация тікұ­ша­ғымен байланыс жоғалған болатын. Тікұшақ бортында ұшқыш, гематолог дәрігер, сана­виация фельдшері, кіш­кентай бала және оның анасы болған. Тікұшақты іздестіруге ҚР ІІМ-нің 300 қызметкері мен 50 техникасы жұмылдырылып, нәтижесінде жоғалған ұшақ келесі күні, Алматы облысындағы Қапал елді мекеніне бұрылыстан үш шақырым жерде шат­қалда табылды. Бортта бол­ған адамдардың бәрі қаза тапқан. Тікұшақ апаты фактісі бойынша қозғалған қылмыс­тық іс аясында қажетті жедел тергеу шаралары жүргізілуде. Апаттан қаза болғандардың отбасыларына облыстық бюджеттен көмек ретінде 1 миллион теңге беріледі.

Жауап қалдыру