Тарбағатайлық кәсіпкер 13 отбасыға соғым сойып берді

0
51

Шығыс Қазақстан өңірінің Тарбағатай ауданының кәсіпкерлері #ЖақсылықЖаса акциясына үн қосып, аз қамтылған отбасыларға көмектесуде, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өскемендік Қанат Оралбек есімді фейсбук қолданушысы жазғандай, республиканың түкпір-түкпірінде қолдауға ие болған акциядан алыс аудан­ның қалталы азаматтары да тыс қалмапты.
– Тарбағатайлық азаматта­р ежелден жақсылыққа бас­та­машы. Бәделхан Кә­мәл­­хан­ұлы ағамыз 13 мұқ­таж отбасыға бір-бір жыл­қы­дан сойып беріпті. Аудан кә­сіп­керлері тегін көмір мен азық-түлік таратып жатыр екен. Көпке үлгі боларлық игі іс, – деп жазады Қанат Оралбек.
Еске сала кетсек, осыдан бір апта бұрын астаналықтар шыңылтыр аязда аялдамада автобус күткен тұрғындарды көліктерімен жеткізіп тастап, күн суық кезде көпшілікке кө­мектесуге шақырған еді. Ара­да көп уақыт өтпей, #Жақ­­сылықЖаса акциясы жан-жақты сипат алып, қа­зақ­стандықтар бір-біріне қо­лұ­шын соза бастады. Бір қуанарлығы, азаматтар аязды күні көлігімен адамдарды үйіне жеткізіп салумен шектелмей, көпбалалы отбасыларға да қолдау көрсетті. Ізгі үр­діске шақырған азаматтар Фейсбукте өз жазбаларын #ЖақсылықЖаса немесе #ДелайДобро хэштегімен таратуда.
«Жақсылық жаса» акциясына Қазақстанның бүкіл өңірінің жастарының белсенді түрде атсалысқаны қуантады. Әр өңірдегі жастардың бір бөлігі көпбалалы отбасыларға арнайы шот ашса, кейбірі тұрмысы төмен отбасыларға көмір түсіріп, азық-түлік, киім-кешек әперіп, көмектесті.

Аян БЕКЕНҰЛЫ

Жауап қалдыру