Таэквондодан тұңғыш әлем чемпионы

0
124

Қазақтың қаршадай ұлы таэквондодан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды. Ол бұл жетістікке таеквондодан Еги­петте өткен жасөс­пі­рім­дер арасындағы әлем чем­пионатында қол жет­кізді.
Бұл таэквондо спортынан жа­сөспірімдер арасындағы қа­зақ спортшылары тарихын­дағы алғашқы алтын жүл­десі. 41 келі салмақта сынға түс­кен Бақытжан Әбіл­хасан әлем біріншілігінде жал­пы бес кездесу өткізіп, бар­лы­ғында қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Отан­дасымыз финалда ресей­лік Магомедов Шамильді тізе бүктірді. Оған дейін мек­си­калық, болгар, түрік және ливан таэквон­до­шы­ларын жа­рыс жолы­нан тай­дыр­ған бо­латын.

Жауап қалдыру