Түлкібаста 6 жоба іске асады

0
88

Түлкібаста ҮИИД аясында екі жоба іске асырылуда, деп хабарлайды ОҚО әкімінің бас­пасөз қызметінен.
Ал жаңа индустрия­ланды­рудың екінші бесжылдығын­да ауданда жалпы құны 31 млрд. 366 млн. теңгелік 6 жоба іске асады. Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталы­ғында өткен брифингте аудан әкімі Қ. Әбдуәлиев хабарлады. Олар жеміс-жидек концентраттарын және табиғи сусындар шығару, көкөніс консервілеу базасы, жылына 30 мың тонна тірі салмақта құс етін өндіретін құс фабрикасы, қуаттылығы 10 мың тонна тауық етін өндіретін өндіріс кешені, мал бордақылау алаңы мен мал сою және ет өңдеу, маусымына 36 млн. дана күйдірілген кірпіш өндіру жобалары іске асып, мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Ал екі мың адам маусымдық жұмысқа тартылады.

Жауап қалдыру