Төле бидің 355 жылдығы атап өтілді

0
18

Ташкент қаласында қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі Төле бидің 355 жылдығы атап өтілді, деп хабар­лайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Іс-шараға Қазақстан мен Өзбек­станның зиялы қауымы мен жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ Түркістан облысынан арнайы келген делегация қатысты.
Жиналған халық Шейхантаур ме­мориалдық кешенінде қазақ биінің рухына тағзым етті. Бұдан бөлек, Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында Төле биді еске алуға арналған конференция өтті. Оның барысында бауырлас қос елдің ғалымдары мен жазушылары ұлы шешеннің қоғамдық қызметі туралы баяндамалар оқыды.

Жауап қалдыру