«Сырттай» жабылмайды, тек өзгертіледі

0
20

Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов баспасөз жиыны барысында 2019 жылдың қыркүйегінен сырттай оқу түрінің қалай болатынын мәлімдеді.
Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, сырттай оқу түрінің жабылатыны жөніндегі ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде тараған ақпар жаңсақ. «Рart-time» (сырттай оқу) бұдан ары қарай да жалғаса береді. Еніп отырған жаңашылдықтың мәні мынада. Бұрын сырттай оқитындар ішкі бөлімде оқитындарға арналған оқу бағдарламасының тек 65 пайызын оқып келді. Демек білімі толық емес. Бірақ бірдей диплом алатын. Енді 2019 жылдың қыркүйегінен сырттай бөлімге түскен студенттер оқу бағдарламасын 100 пайыз меңгеруі тиіс. Бұл жаңашылдықтың бірінші жаңалығы. Екіншіден, жаңа жүйеге сай қашықтан оқыту тәсілдері қолданылады. Ол бойынша білім сапасы, студенттің сабаққа қатысуы қадағаланады. Осы арқылы оқуға түсіп алып, құр жүріп, баға алу сияқты қиғаштықтардың жолын қию көзделуде. Әрі бұрынғыдай ветеринар, дәрігер сынды көптеген мамандықтар сырттай бөлімде қолжетімсіз. Сондықтан сырттай оқу түрі түбегейлі жойылады деп кесіп айтуға болмайды.
Сырттай бөлімде білім алып жатқандар ескі бағдарлама бойынша оқи береді.

Жауап қалдыру