Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

0
155

Күрделі, тарихи өзгермелі, келеңсіз әлеуметтік құбылыс болып табылатын сыбайлас жемқорлық адамзат өркениеті дамуының ерте кезеңдерінде пайда болғаны мәлім.
Сыбайлас жемқорлық проб­лемасы барлық елдерде бар, ол әлеуметтік-экономикалық іл­гері­леуді баяулатып, тек өзіне тән көріністермен және ауқы­мымен ерекшеленеді.
Сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің әмбебап және бәрін қамтитын анықтамасының жоқ­­­­тығына қарамастан, оған ең алдымен шенеуніктердің би­лік­ті немесе лауазымдық жағ­да­йын жеке пайда алу үшін теріс пайдалануын жат­қыза­ды, ал оның неғұрлым тарал­­ған түрлері ретінде әдет­те шенеу­ніктерді сатып алу, қызметтік өкілеттіктерін пайда­күнемдік мақ­саттарда пайда­лану болып танылады.
Сыбайлас жемқорлыққа  қар­­­­сы іс-қи­мыл­дың тиім­ді шара­ларын әзірлеудің күр­делілігі оның жеке алғанда әрбір мемлекет үшін ерек­шелік­теріне және оның өзгер­мелі сипаттамаларына қа­рай қиындықтарына да бай­ланысты.
Сонымен бірге сыбайлас жем­қорлыққа қарсы тиімді әрі жүйелі іс-қимылдың басты шарттары билік органдарының қоғамға есеп берушілігі мен оның бақылауында болуы, сот төрелігінің тәуелсіздігі мен әділдігі, баяндауда анық және қолдануда күрделі емес заңдар, мемлекеттің кадр саясатындағы меритократия, мем­лекеттік рә­сім­дердің ашықтығы және қо­ғам­ның сы­байлас жем­қор­лыққа деген төзімсіздігі болып танылады.
Экономиканы жаңғырту жә­не ау­қым­ды әлеу­меттік өз­ге­­рістер жағдайында Қа­зақ­­станда мемлекеттің қа­зіргі за­ман­ғы әлеуметтік-экономикалық сая­­сатымен ты­ғыз бай­ланыс­­­­ты­рылған, біз­дің қо­ғам­­ның мә­дениеті мен эти­­ка­сын, осы әлеу­меттік зұлымдықпен күрестегі ха­лық­аралық тренд­терді еске­ретін біртұтас сы­бай­лас жем­қорлыққа қарсы стра­те­гияға де­ген қажеттілік ай­қын бола түсуде.
Біздің елімізде қазіргі за­ман­­ғы сыбайлас жем­қор­лық­­қа қарсы заңнама жұ­­мыс іс­теуде, оның негізі «Сы­­байлас жемқорлыққа қар­­­сы күрес туралы» және «Мемлекеттік қыз­мет туралы» заңдар болып та­былады, бірқатар бағдар­ламалық құ­жаттар іске асы­рылуда, мем­лекеттік қызмет және сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функ­цияларды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ын­ты­мақтастық белсенді жүзе­ге асырылуда.

Ж.ТӘЖІҚОЖАЕВА,
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының
өндірістік емес төлемдерді және
жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру
бөлімінің жетекші маманы

Жауап қалдыру