«Соз-Агро» корпоративтік қоры құрылды

0
21

Таяуда Оңтүстік Қазақ­стан облысы, Созақ ауданын­да асыл тұқымды мал өсіру, бордақылау және мал өнімдерін өңдейтін кешен – «Соз-Агро» корпоративтік қоры құрылды.
Аталған корпоратив қорын құру аудан әкімдігі және уран өндіретін француздық «Арева» компаниясы мен қазақ-француз «Катко» БК-мен ұзақ жылғы келссөздердің нәтижесінде қол жеткізіп, құрылтайшысы «Арева НС-Катко-Демеу» болып табы­латын корпоративтік қор биз­нестің әлеуметтік жауап­кершілік аясында аудандағы ауыл шаруашылық саласына 400 млн. теңге инвес­тиция құйды.
Аудандық ауыл шаруашы­лығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Әбубәкір Сахиұлының айтуынша, атал­ған корпоративке 300 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара мен 15 бас асыл тұқымды бұқа алынбақ. Іске асатын жобада мал басын алуға 50 млн. теңге, кешен құрылысына 268 млн. ал ауыл шаруашылығына қажетті техникаларға 82 млн. теңге қаржы жұмсалып, жалпы 50 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Жауап қалдыру