Сотқа деген сенімді көтерудің жолдары

0
20

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов судьяларға кезекті үндеуін жолдады. Осы жолы ол өздерінің әріптестерін қызметтері кезінде сыйластық пен сенім атмосферасын құру­ға шақырды. Ж. Асанов­тың үндеуін Facebook-те Жоғарғы соттың бас­пасөз хатшысы Болат Калян­беков жария етті.
Құжатта ол әрбір әріптесі сот әділдігі сапасы жөнінде, сот қызметтері сервисін арттыру туралы креативті ойлайтын, сот имиджіне жаны ашитын болуы тиістігін атап өткен. «Осы орайда әрқайсыларыңыз сот ғима­ра­тына кіргенде, сот про­цесін ұйымдастыруда, сот ак­тісін рәсімдеуде, адам­дармен сөйлескенде жан-жақ­тарыңызға мұқият на­зар аударыңыздар. Бұл тұр­ғыда өздеріңіздің іс-қимыл­дарыңызға, дәлізге, отырыс залдарына, құжаттарға, сон­дай-ақ жиһаздың орна­ласуы орнының өзін қарап шығыңыздар. Осының бар­лығын қарапайым адам­дардың көзімен елестетіп көріңіздер. Оларға сот ғима­раты ыңғайлы ма? Адам­дардың теріс пікірін нен­дей себептер тудырады? Тұр­ғындарға қолайлы бо­луы үшін не кедергі? Сіздің құжа­тыңыз түсінікті тол­тырыл­ды ма? Адамдарға деген қарым-қатынастар әдеп­тілік үдесінен шыға ма? Өздеріңіздің айнала­ңызда сыйластық пен сенімің атмо­сферасын жасаңыз­дар», – деді Жақып Асанов. Сонымен қатар Ж. Асанов: «Адамдардың сотқа сенімін көтеру үшін, жаңа әрі қазіргі қызметтегі судьялар кәсіби және іскерлі тұлғалық қа­сиет­терге ие болады деген үміт бар», – деп атап өткен.

Руслан ҒАББАСОВ

Жауап қалдыру