Шымкент миллионер қала

0
192

5 мамырда Шымкент қа­лалық мәслихатының кезек­тен тыс жиырма тоғы­зыншы сессиясында депутаттарға Шымкент қаласы халқының бір миллионға жетуіне орай, қалаға мегаполис статусын беру ұсынылды.
Аталған ұсынысты қолдаған халық қалаулылары Шымкент қа­ласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы шешімге 5 мамырда өткен сессия отырысында қала әкімдігімен бірлесе тарихи құжатқа қол қойды. Енді бұл құжат Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының қа­рауына ұсынылады.
Халық қалаулыларынан бөлек сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев пен қала әкімі Н.Сауранбаев баршаны Шымкент қаласы тұрғындарының 1 миллионға жетуімен шын жүректен құттықтады.
Республикалық маңызы бар қала мәртебесі жаңа мүмкін­діктерге жол ашатынын айтқан өңір басшысы мұндай өзгеріс қаланың дамуына оң әсерін алып келетінін атап өтті.

Жауап қалдыру