Шығыс шайырының қолжазбасы табылды

0
50

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы Гянджа бөлімшесінің қызметкерлері Түркия­дан Шығыстың жеті жұлдызының бірі Ни­зами Гәнжәуи туындыларының қолжаз­баларын тауып қайтты.
Анадолы жеріне арнайы іссапармен жіберілген олар мұнда айлап жұмыс жасаған. Осы уақыт аралығында ғылыми қызметкерлер Гянджаның әскери-саяси және экономикалық тарихына қа­тысты 181 архивтік құжат жинап алған.
Зерттеу нәтижесінде Ыстамбұлдың Сүлей­мания кітапханасынан Әзербайжанға сондай-ақ, Низами Гәнжәуидің түпнұсқасы Франция ұлттық кітапханасында сақтаулы тұрған 1365 туындысының 649-ының көшірмесін ала келген.

Жауап қалдыру