Шекті баға мәндері енгізілмек

0
22

2016 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ба­­ғаның өсуіне жол бермеу үшін, бөлшек бағаның шекті мәндері белгіленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға­­ның өсуіне жол бермеу үшін, 2016-2017 жылдары оларға бөлшек бағаның шекті мәндері белгіленетін болады, бұл құзыреттілік 2018 жылғы 1-қаңтардан бастап алынып тасталады», – деді Е.Досаев. 2016 жылғы наурызда елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлайтын болса, аз қамтылған отбасыларға қосымша мақсатты көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізілетін болады.

Жауап қалдыру