Сауда айналымы 12 есеге артқан

0
53

Вена қаласындағы Авст­рия экономикасының фе­де­­­­ра­лды па­латасында өт­­­­кен Авс­трия машина құ­рас­­­ты­рушыларының фору­­мын­да­ғы Қазақстан ма­шина құ­рас­­тырушылар ода­­ғының тө­­рағасы Мейрам Пішем­баев­тың айтуынша, Австрия мен Қазақстан ара­сындағы екі­жақ­ты ынты­мақтастық ор­наған­нан бері тауарай­на­лым 12 есеге арт­қан.
Австрия ТМД құрамына кірмейтін елдер арасында Қазақстанның төртінші сауда әріптесі, ал тауар көлемі бойынша Еуроодақ елдері арасында біздің үшінші серіктесі. 2014 жылдың нәти­жесіне қарасақ, екіжақты сауда айналым көлемі 3,1 млдр. еуроны құраған. Қазақ­стан мен Австрия арасын­дағы экономикалық ынты­мақ­тастықтың басым бағыты – ол машина құрылыс саласы мен шағын және орта бизнеске инвестиция тарту саласы.
Жалпы шетелдік инвестиция тарту үшін Қазақстан 10 арнайы экономикалық ай­мақ пен 2 индустриалды аймақ құрған болатын. Қазір Қазақ­станда Австрия тарапымен бір­лескен 140-тан астам кәсі­порын тіркелген.

Жауап қалдыру