«Саташ» фильмі Варшава кинофестивалінде

0
52

Қазақстандық режиссер Төле­ген Байтөкеновтің түсірген вес­терн жанрындағы «Саташ» фильмі биыл қазанның 12-21 аралы­ғында өтетін 34-ші Вар­­шава кинофестивалінің «1-2 Com­pe­tition» атты конкурстық бағдарламасына қатысады.
Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» жарыққа шығарған. Бұл байқауда әлемнің түкпір-түкпірінен келген режиссерлердің алғашқы немесе екінші рет түсірген толықметражды көркем фильмдері көрсетіледі. «Саташ» фильмі туған ауылына басып кірген қылмыскерлермен жалғыз күреске түскен учаскелік полицей туралы баяндайды.

Жауап қалдыру