Саламатты өмір салты

0
33

Шымкент – Қазақстанда автоматтандырылған вело­сипед жүйесін орнатқан Астанадан кейінгі екінші қала. Осылайша Астана және Шым­кент автомат­тан­ды­­рылған велосипед жү­йе­сін ор­нат­қан әлемнің 21 қала­сы­ның қатарына кір­ді.
«Shymkent Bike» жобасы­ның алғашқы станция­лары қа­ланың орталық көшелерінде ашылды. Жалпы, болашақта 200 велосипедке шақталған 40 велостанция ашу жоспар­ланып отыр. Соның нәтиже­сінде көшедегі көлік саны азайып, экологиялық ахуал да жақсарады дейді жауапты ма­мандар. Бұл жүйе күн көзі­нен қуат алып, паркинг желісі­нің терминалымен жабдық­талады.
«Shymkent Bike» жобасы қаладағы велоспорт пен веложол инфрақұрылымын дамытумен қатар мегаполис тұрғындарының саламатты өмір салтын ұстануына да сеп болады. Велосипедті жалға алудың автоматты желісін іске қосу қаладағы велотуризмнің дамуын жаңа сатыға көтереді.
Жалға берілетін велосипед­тер авиа өндірісінде қолданы­латын хромдалған болаттан жасалған. Екі дөңгелекті құрал ұрыларға мүлде тиімсіз – әр бөлшегі өзгеше жасалған және өзге велосипедтерге салуға келмейді.
Шымкенттегі ауа райын ескерген идея авторлары бұл Shymkent bike жобасы жыл бойы қала тұрғындарының игілігіне жарайды деп сенеді. Айта кетейік, тұрғын­дардың қауіпсіздігін сақтау мақса­тында жергілікті полиция қыз­меткерлеріне қосым­ша 40 вело­карта беріледі

Жауап қалдыру