Сақтардың ежелгі қонысы табылды

0
139

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауда­нындағы Ақбауыр шатқалында архелогтар сақ­тардың ежелгі қонысын тапты, деп хабар­лайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық археолог Зейнолла Самашев соңғы қола дәуіріндегі және ерте темір дәуіріндегі қоныс қалдықтарын тапты. Соңғы факт ерекше қызығушылық тудырады, өйткені Қазақстан аумағындағы сақтардың отырықшы қоныстары өте аз зерттелген, ал елдің шығысында бұл алғаш рет ашылып отыр.
«Бұл жағдай ежелгі сақ халықтарының экономикасы мен қоғамдық құрылымын жаңаша зерделеу тәсілдерін ашады, өйткені ежелгі дала көшпенділерінің тек көшпенді салт-ғұрпы жайын­дағы пікір әрдайым басым болатын. Атауы Ақ­бауыр-1 аталған елді мекенін­дегі көп мөлшерде дәнүк­кіштердің, ою-өрнексіз керамикалардың, қайрақ тастардың, жылқы, қой, ешкі сүйектерінің көп мөлшерде табылуы осы ескерткішті қалдырған адамдар шаруашылығының кешенді сипатын айқын дәлелдейді. Жұмыс жетекшісі, профессор Зейнолла Самашев айтқандай, бұл ескерткіштің шамамен уақыты б.з.д. XI — IX ғғ», делінген хабарламада.
Зейнолла Самашевтың тұ­жырымдарымен Ресей Ғы­лым академиясының Мате­риалдық мәдениет тарихы мемлекеттік институ­тының археология бөлімінің аға ғылыми қызметкері (Санкт-Петербург қ.) Николай Боковенко келіседі. Ол Ақбауыр-1 елді мекенінде өте ма­ңызды ғылыми жаңалық жасалғанын атап өтті.

Жауап қалдыру