Саңлақтарға – марапат

0
21

«Бүгінгі ұрпақ 70 жылдығы атап өтілетін Ұлы Жеңісті алып берген аға буынның алдында әр уақытта қарыздармыз. Мемлекет басшысы ретінде мен бүкіл ел атынан сіз­дерге мың алғыс айтамын, ардақты ардагерлер. Қазақ халқы әрдайым ер жігіт елдің қор­ғаны деп келген. Бүгінгі рәсім сол сенім үд­десінен шыққан саңлақтарға деген мем­ле­кет­тің сый құрметі болып табылады», – деді Елбасы.
Мемлекет басшысы ер-азаматқа қастер­лі Тә­уел­сіздікті, туған Отанды қорғап, ел ты­ныш­тығын күзетуден асқан мәртебе болмауы керектігін баса айтты.
Сол абыройлы борышты адал ат­қар­ды­ңыз­дар және атқарып келесіздер. Сізд­ер бей­біт күнде де батырлыққа орын бар деп соғыс­тан кейін елге қызмет еттіңіздер. Қо­ғам­да­ғы тәртіп пен тұрақтылық­тың сақ­та­луы да сіздердің зор еңбектеріңіз­дің арқа­сы. Сондықтан Отан қорғаушылар өмі­рін­де Отан қорғаушы елдің орны қа­шан­да ерекше болған. Баршаңыз біле­сіз­дер, ұлт­тық әс­кер егемен елдің күш қалқаны болып саналады. Оның басты міндеті – ұлт пен ұлыс­тың тыныштығын қамтамасыз ету», – деді ҚР Президенті.
Әскери шен мен атақтар – лайықтыларға
Кеше Ақордада ҚР Прези­ден­ті Нұрсұлтан Назарбаев Қа­ру­лы Күш­тердің, құқық қорғау жә­не арнайы органдардың өкілде­рі­не жо­ғары әскери шен мен атақ­тар табыс етті.
«Құрметті сардарлар, генералдар мен офицерлер, Отан қор­ғау­шылар күні 7-мамыр еке­нін білесіздер. Ұлы Жеңіс­тің 70 жылдық мерейтойы алдында кездесіп отырмыз. Осы екі мерекемен сіздерді шын жү­ре­гімнен құттықтаймын. Біз ер­лік пен елдіктің айбынын ас­қақ­та­та түсетін осы екі мереке­ні бірге атап өтуді дәстүрге айнал­дыр­ғанбыз», – деді ҚР Президен­ті.
Мемлекет басшысы біз­дің бей­біт өмірімізді қас қақпай кү­зе­те­тін ұлттық армиямыз бү­гін­де кемеліне келгенін, ертең әс­ке­рі­мізді құрғанымызға 23 жыл бо­латындығын атап өтті.
«Ол – тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың тірегі. Халқымызда «Батыр туса – ел ырысы» деген сөзі бар. Сондықтан әсіресе қол­бас­шылар, генералдар, офицерлер өзінің жұмыс істейтін өңі­рін­де басшы болып, үлгі болып саналады. Бауыржан Момыш­ұлы­ның «Еліңді сүймей ер­лік істей алмайсың» деген сө­зі бар. Сондықтан сіздерді патриоттар деп санаймын. Сіздер мінсіз қызмет ете отырып, жас ұрпаққа Отанды сүюдің үлгісін көрсетесіздер», – деді Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы жоғары әскери шен мен атақ алған азаматтардың бұл қызметтерін мемлекет жоғары бағалайтындығын атап өтті.
«Қастерлі қас мереке қарсаңында бүгін дәстүр бойынша сіздерге жоғары әскери шен мен атақ тапсырайын деп отырмын. Лайықтылар қатарын­да Қа­рулы Күштер мен бірге құ­қық қор­ғау саласы, арнайы органдар өкіл­дері бар. Түптеп келген­де, бә­рінің қызметінің негізі – ол ел­дің тыныштығын қорғау, ха­лық­тың қауіпсіз­ді­гін қам­тамасыз ету. Адал ең­бегі­ме­нен ел дамуына үлес қосу әр отандастарымыздың алдындағы міндеті болып саналады», – деді Н.Назарбаев.

Жауап қалдыру