Сәбиіңізді мекенжайға SMS арқылы тіркеңіз

0
37

Жаңа туған сәбиді проактив тәсілмен тұ­рақты мекенжайға тір­­кеуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа технологиялар енді ғана сәбилі болған ата-анаға ХҚО-ға бармай, баланың бар құжаттарын реттеуге көмектеседі. Бар қажеті – телефонға келген SMS-ке жауап беру ғана.
Ереже бойынша дүниеге келген сәбидің ата-анасының біріне екі апта ішінде мекенжай тіркеуіне тұру жөнінде смс-ұсыныс жолданады. Жауап берілген жағдайда баспана иесі өз мекенжайының тіркеу кодын енгізуі тиіс. Пәтер не үй баланың ата-анасының атында болмаған жағдайда баспана иесінің ЖСН қоса жолданады. Бұл ретте, проактив тәсілмен жолданатын келте хабарламаны алу үшін баланың ата-анасының бірі міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек.

Жауап қалдыру