Рухани-адамгершілік құндылықтар – тәрбие негізі

0
38

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалық етуімен 27-мамырда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасы бойынша әзірленіп, Үкімет қабылда­ған Қа­зақ­стан Республикасында от­­­басылық қатынастарды, мо­ра­ль­дық-этикалық және ру­хани-адамгершілік құнды­лық­тарды нығайтудың 2015 – 2020 жыл­дарға арналған жал­пы­ұлт­тық іс-шаралар жоспарының орын­далу барысы қаралды.
Министрліктердің басшыла­ры сөз сөйлеп, мүмкін­дік­тері шек­теулі адамдарды қорғау те­­тік­­тері, сондай-ақ олардың жұ­­­мыс­­пен қамтылу, кедергісіз ор­та­да болу құқықтары қарасты­­рыл­ған қолданыстағы заң­нама­­ға талдау жүргізіл­генін атап өт­­ті.
Сонымен қатар Әлеумет­тік проблемалар картасы әзірленді, сол арқылы өңірлердің ана мен бала өлімі, АИТВ жұқтырған науқастар саны, мүгедек азаматтар және басқа әлеуметтік негізгі көрсеткіштер бойынша жұмысын мониторингтеуге болады.
Мемлекеттік хатшы, Қа­зақ­стан Республикасы Пре­зи­ден­ті­нің жанындағы Әйелдер іс­те­рі және отбасылық-демо­гра­фия­лық саясат жөніндегі ұлт­тық ко­мис­сияның төрайымы біз­дің еліміз Мыңжылдық даму­дың бесінші мақсатына қол жеткізіп, аналар өлімінің деңгейін үш есе төмендеткенін атап өтті. 1999 жылы тірі туған 1000 балаға шаққанда 55 ана өлімінен келсе, 2013 жылы бұл көрсеткіш 12,6-ға дейін азайған. Дүниежүзілік эко­номикалық форумның 2014 жылғы есебіне сәйкес 57 ел­­ден тұратын топта елде АИТВ инфекциясының таралуы бойынша Қазақстан төмен көрсеткіш – 0,2 пайызбен бірінші орынға тұрақтады.
Г. Әбдіқалықова отбасылық және адамгершілік құнды­лық­тарды дәріптеу бойынша ақпа­раттық-түсіндіру жұмыс­тарын күшейту қажеттігін атап өтті.
Талқылау қорытындысы бо­йынша Ұлттық комиссия орта­лық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарына тиісті ұсынымдар дайындады.

Жауап қалдыру