«QAZAQSTAN» дәрісханасы ашылды

0
80

Астана қаласындағы Л.Н.Гу­милев атындағы Еура­зия ұлттық универ­ситетінің Журналистика және саясат­тану факульте­тінде QAZAQ­STAN телеарнасы­ның 60 жылдығына орай арнаның арнайы дәрісханасы ашыл­ды. Онда тұңғыш қазақ теле­­ар­насының тарихы, қазақ телевизия­сына еңбегі сің­ген тұлғалар тура­лы мол де­ректер, оқуға қа­жетті кітап­тар қойылып, инте­рак­тивті тақтамен жабдық­талған.
«Өткен ғасырдың екінші жартысында адамзат тарихына және келешегіне әсер еткен үш жаңалық болды: ғарышты игеру, атомды меңгеру және телевизия еді. Телевизияның адам өміріндегі, қоғамдағы орнының қан­шалықты екенін бағамдай бері­ңіздер. Өз әкем Семей телерадио коми­тетін басқарды. Сондықтан, теле­визия саласы мен үшін ыстық. Бар­шаңызды салтанатты мееркемен құттықтаймын. Жаңа дәрісхана келешекте жақсы мамандарды тәр­биелеуге өз үлесін қосады деп сенемін», – деді ЕҰУ ректоры, доктор, профессор Ерлан Сыдықов Қазақ теле­визиясының 60 жылдығына арналған салтанатты кеште.
Ресми шара ЕҰУ Журналис­тика және саясаттану факультеті сту­денттерінің концерттік бағдар­ламасына ұласты.

Айжан СЕР3КЖАНҚЫЗЫ

Жауап қалдыру