«Отелло» қазақ сахнасында

0
58

Уильям Шекспирдің шоқты­ғы биік шығарма­ларының бірі «Отелло» трагедиясы қазақ сахнасына қайта оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қ.Қуа­нышбаев атындағы Мем­лекеттік академиялық қазақ музыкалық драма теат­рының баспасөз қызме­тіне сілтеме жасап.
Премьера 11 сәуір күні «Бей­бітшілік және келісім сарайында» өтті. «Отеллоны» алғаш рет қазақ сахнасына 1939 жылы Мұхтар Әуезов әкелген болатын. Кейінірек, М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театры бұл қойылымды 1964 және 2014 жылдары сахналап, репертуардан шығарған бола­тын. Бұл жолы жаңа «Отелло» Қа­зақстанның Халық ар­тисі, про­фессор Талғат Теме­нов­тің ре­жиссерлігімен жарыққа шық­ты.
Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Отелло» шы­ғар­масы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арна­лып отыр. «Отелло» – әлемдік әдебиет галереясындағы күшті қаһарманның бірі. Ол нағыз ер азамат бола тұрып, нақақ жа­ланың қаруы мен құрбанына айнал­ды. «Отелло» қазіргі за­манмен де үндесіп жатыр. Спектакльдегі негізгі ой адам ішіндегі қызғаныштың, көңіл кү­дігінің кесірінен ажырасып ты­натын жас отбасылардың көп­тігін көрсетеді. Жалпы қазақ театры өнеріне Шекспир қажет. Өзіміз бүркеніп, өз қазаны­мызда қайнауға ешқандай да құқы­ғымыз жоқ. Себебі мұндай класси­калық шығармалар актре­лердің өсуіне, ашылуына үлкен мүм­кіндік береді», – делінген театр хабарламасында.

Жауап қалдыру