Отандық режиссер үздік атанды

0
70

Қазақстандық режиссер Әмір Байғазиннің «Жаралы періште» көркем фильмі Словакияның Кошица қала­сында өткен 24-ші Халық­аралық «Art Film Fest» кинофестивалінде «Үздік режис­сер» жүлдесін жеңіп алды. Картинаны фести­вальде фильмнің киімдер бойын­ша суретшісі Кәмила Құр­манбекова таныс­тырды.
«Жаралы періштеден» бас­қа, халықаралық байқауға 13 фильм ұсынылған болатын. Олардың ішінде Оливер Лакстың «Мимоза», Кристиан Тафдруптың «Ата-аналар» және Анна Зора Беррашедтің «24 апта» фильмі бар. Фести­валь үстіміздегі жылы 17-25 маусым аралығында Словакия елінде өтті.
Бұған дейін хабарлан­ғанындай, трилогияның үшін­ші бөлімі Оңтүстік Корея­ның Чонджу қаласында болған халықаралық кинофестивальге қа­тысып, қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болған еді.
Сондай-ақ, алдағы шілде айында «Жаралы періш­те» Тайваньдағы Тайпей ки­но­фес­тиваліне халық­ара­лық International New Talent Competition бағдар­ламасы бо­йынша ұсынылад­ы. Бұл бағ­дар­ламаға бүкіл әлемнен жас дарынды кинематог­рафис­тердің бірін­ші немесе инно­вациялық картиналары қаты­сады.

Жауап қалдыру