ОСКАР: «Жасыл кітап» үздік фильм атанды

0
146

Лос-Анджелесте өт­кен «Оскар» сый­лы­ғының марапаттау салтанатында ре­жиссер Питер Фар­рел­­лидің «Жасыл кітап» (Green Book) кар­­­тин­асы «Үздік фильм» аталымының же­­ңімпазы болды, деп хабарлайды Қаз­Ақпарат АВС телеар­­насына сілте­ме жа­сап.
Фильмнің сюжетіне джаз пианисі Дон Шир­ли мен оның жүргізушісі әрі күзетшісі Тони Лип­тің 1962 жылы АҚШ-ты түгел кезіп шыққан саяхаты арқау болған.
«Үздік фильм» ата­­лы­­мына, бұдан бөлек, Йоргос Ланти­мос­­тың «Фа­ворит қыз» (The Favourite), Альфонсо Куа­ронның «Рома» (Roma), Брайан Син­гер­дің «Боге­мия­лық рапсодия» (Bohemian Rhap­sody), Брэд­ли Купер­дің «Жұл­дыздың тууы» (A Star is Born), Спайк Лидің «Қа­ра клан өкілі» (BlacKkKlansman), Адам Маккейдің «Би­лік» (Vice) және Ра­йан Куглердің «Қа­ра пан­тера» (Black Panther) фильмдері ұсы­нылды.

Жауап қалдыру