Орташа өмір сүру жасы ұзарып келеді

0
52

«Бірыңғай Жинақтаушы зей­нетақы қоры» АҚ қазақ­стандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығының ұлға­йып келе жатқандығын мәлім­деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2017 жылғы мәліметтерге сүйенсек, әлемде орташа өмір сүру жасы – 73 жас. Ерлер орта есеппен – 69 жыл, ал әйелдер 77 жыл өмір сүреді.
БЖЗҚ шетелдік сарапшы­лардың көмегімен зерттеу жұ­мыстарын жүргізген болатын. Соның нәтижесінде 2017 жылы қазақстандық ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 81-ге жетсе, әйелдер 82,2 жасқа жеткен.
Демографиялық қартаю шкаласына сәйкес, елде 60 жастағы әрі одан үлкен жастағы адамдардың үлес салмағы 12% болған жағдайда ғана ха­лықтың демографиялық қар­таюы тіркеледі. Қазақстанда қазір бұл көрсеткіш 11,3% болып отыр.

Гүлмира ҒОСМАНӘЛИ

Жауап қалдыру