Оқушы жасанды қол протезін ойлап тапты

0
142

Жас өнертапқыш құрас­тырған қол протезінің басты ерекшелігі – құры­лымы аса қарапайым және бағасы да қолжетімді.
Ақтаудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сыныбында оқитын Нәзира Қыдырбаева жасанды қол протезін ойлап тапты. Бұл, 16 жастағы оқушының алғашқы ғылыми жобасы, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
Дарынды жеткіншек бір протезді құрастырып шығуға бар болғаны 25 мың теңге ғана жұмсапты. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуды мақсат тұтқан озат оқушы келешекте мұндай құрылғының басқа да түрлерін жасауды жоспарлап қойған.
Бір қызығы, жасанды қол­ды жасап шығаруға кәдімгі фольга мен белсендірілген көмір қолданылған.
Нәзира Қыдырбаеваның ал­ғашқы тырнақалды туын­дысы нарықтағы протез­дер­дің бағасынан жиырма есе арзан.

Томирис Әділ

Жауап қалдыру