Оқу құралдарының бағасы өсті

0
60

Жаңа оқу жылы қарсаңында оқу және анықтамалық оқу­лық­тардың бағасы бір айда 2,4 % және бір жыл ішінде 6,4% де­йін өсті.
I жартыжылдықта бас­па қызметтері 20,7 млрд теңгені құра­ды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мер­зімімен салыс­тырғанда 4,6 пайызға жоғары.
Баспаханалардың басым көпшілігі газет (40,1%), журнал (11,6%) және тағы да басқа мерзімді басылымдар мен кітаптарды (9,7%) шығарумен айналы­сады. Қыркүйектегі жа­ғдайға сәйкес, бір жыл ішінде оқу-анықтамалық құралдар сатылым нүктелерінде 6,4%, яғни ҚР бойынша орта есеппен 1,3 мың теңгеге қымбаттаған.

Жауап қалдыру