«Нөлінші» сыныпты енгізу шегерілді

0
99

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «нөлінші» сыныпты енгізу жүйесі неліктен 2020 жылға шегерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Бағдарламада өзгеріс­тер бар. Біздің алғашқы жос­парымызда «нөлінші» сы­ныпты енгізу 2019 жыл­ға жоспарланған бола­тын. Бүгінгі таңда бірың­ғай бағдарлама және мұғалім­дерді дайындау кестесі дайын. Оқулықтар сарап­тама­дан өтті. Бірақ, ол оқулықтардың барлығы да кирилл қарпімен жазылған. Енді 400 мыңға жуық ба­лаға нөлінші сыныптың жаңа оқулықтарын басып шығару керек болып тұр. Латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне көшуге байланысты оқулықтарды біржола латынша басқан дұрыс дер есептейміз. Бұл қаржы жағынан да тиімді болады», – деді министр. Ерлан
Сағадиевтың айтуынша, оқулықтарды дайындап, сараптама мен апробациядан өткізу, мұғалімдерді дайындау – барлығына уақыт керек.
«Сондықтан, нөлінші сы­ныпқа 2019 жылы өтеміз. Сондай өзгерістер мемлекеттік бағдарламаға енгізілді», – деді ол.
Еске сала кетейік,Ерлан Сағадиев бұған дейін Қазақстанда «нөлінші» сынып 2019 жылы енгізілетіндігі туралы айтқан болатын.

Жауап қалдыру