Музыкалық оркестр шеруі

0
50

1 маусым – балаларды қорғаудың халықаралық күнінде ұйымдастырылған Атырау көшелеріндегі музыкалық шеруге 4 мыңға жуық бала қатысты, – деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Музыкалық оркестрлер шеруі Д.Нұрпейісова атындағы академиядан басталып, Исатай-Махамбет атындағы орта­лық алаңда аяқталды. Бұл жерде шара қонақтарына бала­лар мен жастар шығар­машылық ұжымдарының театрлан­ды­рылған қойылым­дары көрсе­тілді.
Ауқымды мәдени шараға 4 мыңға жуық адам қатысты – бұл барабаншылардан, шығарма­шылық ансамбльдерден, чарлидирлер, музыкалық және би ұжымдарынан құралған 43 топ.

Атырау облысы әкімінің орын­басары Нұрсәуле Сайлауо­ваның айтуынша, музыкалық оркестрлер шеруі астананың 20 жылдық мерейтойына орай өтті және бұл дәстүрге айналады.

– Бүгінде балалар, оқушы­лар мен студенттер үшін жар­қын болашақтың есігі ай­қара ашық. Мемлекет жас ұр­пақты кешенді дамыту үшін көп­теген мүмкіндіктер беруде – балабақшалар, мектептер салуда, жаңа беделді білім беру мекемелері ашылуда. Үздік студенттер шет елдерде оқу және тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие, еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алуға гранттар бөлінеді. Біз сіздердің арқаларыңызда Қазақстанымыздың болашағы жарқын боларына сенімдіміз, – дейді шара қатысушыларына Нұрсәуле Сайлауова.

Айта кетейік, 2017-2018 оқу жылында Атырау облысында 5183 түлек мектеп бітірді. Олардың ішінде 153-і «Алтын белгіге», 91-і үздік аттес­татқа үміткер.

Исатай ЕРЖАН

Жауап қалдыру