«Әміре» прокатқа шықты

0
62

Биыл туғанына 130 жыл толатын әнші Әміре Қашаубаев туралы фильм 5 көкектен бастап жалпыұлттық прокатқа шықты. 2 көкекте фильм тұсаукесері өтті. Картинаны Ш.Айманов атын­дағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы және Әлидар Өтемұ­ра­товтың «Dar Play» компаниясы бірлесіп түсірген.
Кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашау­баевтың қамшының сабындай қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. Сондай-ақ, фильмде Әміре Қа­шаубаевтың танымал амери­калық джаз композиторы Жорж Гершвинмен достығы да көрініс тапқан.
Картина Латуия, Лос-Анджелес қалаларында түсірілді. Сондай-ақ фильмнің соңғы түсіру жұмыстары Алматы облысы Үшқоңыр ауылы­ның маңында жүргізілді. Фильмде Әміре Қашаубаевтың репертуарын­дағы «Балқадиша», «Үш дос», «Дударай», «Бес қарагер» және т.б. ән­дері орындалады.
Басты рөлді сомдаған Санжар Мәдиев өз жұмысы туралы ойын айт­ты.
«Аңызға айналған тұлғаны үлкен экранда сомдап шығу – мәртебе. Мен және түсірілім тобы үшін түсірілімның әрбір күні нағыз сынақ болды. Фильмді жасауға қатысқан барлық адамдарға алғыс айтамын», – деді ол.

Жауап қалдыру