Метро құрылысының барысы

0
105

Алматы метрополитенінің құрылысына 2020 жылға дейін 32 млрд теңге қарасты­рыл­мақ. Бұл цифрлар «2030 жылға дейінгі Алматы агломерациясы қалыптасуы­ның ұзақмерзімді жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасында жария­ланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жоспарға сәйкес Алматыдағы метрополитеннің құрылысы 2018-2024 жылдар арасына белгіленген. «Республикалық бюджеттен 2018 жылға – 9 млрд, 2019 жылға – 10 млрд, 2020 жылға – 10 млрд, жергілікті бюджеттен 2018 жылға – 900 млн, 2019 – 1 млрд, 2020 – 1 млрд теңге жоспарланған», – деп жазылған құжатта.
Айта кету керек, қалада «Са­рыарқа» мен «Достық» станса­ларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыс­тары 2020 жылға қарай аяқталады. Сонымен қатар, метро желісі Қалқаман және Батыс автовокзалы жаққа қарай созылмақ. Жоба аясында Алматы облысымен байланысты арттыру мақсатында Bus Rapid Transit (BRT) және Light Rail Transit (LRT) Алматыдан батысқа – Ұзынағашқа қарай, солтүстікке – Қапшағай қаласына дейін, шығысқа қарай – Шелек аудан орталығына дейін созылады. 3 автостанса салынады.

Гүлмира ҒОСМАНӘЛИ

Жауап қалдыру