Метроға ұялы байланыс орнатылады

0
594

Алматыда барлық метро стан­­цияларында ұялы бай­ла­ныс пен интернет қосы­лады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Қазіргі кезде метрополитенде қажетті құрылғылар орнатылған, олар сынақ режимінде тексеруден өтеді. Байланыс 2018 жыл­дың екінші жартысынан бастап іске қосылады деп жос­пар­лану­да», – деді Алматы мет­ро­по­ли­тенінің ресми өкілі Игорь Сахар.
Қазіргі кезде бір күнде 56-58 мың адам метромен қатынайды. Ал, 2020 жылға дейін 4 вагоннан құралған 8 жаңа құрам іске қо­сылып, жолаушылар саны 86-90 мыңға дейін жетеді деп күті­луде.

Жауап қалдыру