Мемлекеттік қызмет моделінің концепциясы

0
50

Қызылорда облысы бойын­ша мемлекеттік қызмет істері департаменті, Қы­зы­лорда қаласы әкімі аппа­раты қалалық бөлім­дерінің басшылары мен қызмет­керлері, ауылдық округ әкім­дері, азаматтық қоғам институттары және БАҚ өкіл­дерінің қатысуымен «Мем­ле­кеттік қызмет жаңа моделінің концепциясы» та­қырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты – ағымдағы жылдан бастап күшіне енген мемлекеттік қыз­мет және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңдар, сондай-ақ мемлекеттік қызметші­лер­дің Әдеп кодексінің бас­ты ба­ғыт­тарын түсіндіру көз­дел­ген.
Кеңесте аталмыш депар­тамент басшысының орын­басары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Б.Байхожаев сөз алып, ол мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексінің жаңалықтарына толығырақ тоқталды.

Жауап қалдыру