Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру керек

0
42

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысында өткен «Қазақ­станның болашағы – қазақ тілінде» атты семинарға байланысты баспасөз жиыны өтті. Онда Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер Дос Көшім мемлекеттік тілдің мәртебесі жайында сөз қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дос Көшімнің пікірінше, мемлекеттік тілдің мәр­тебесін көтеру үшін қоғамның осы мәселеге келгенде белсенділігі жоға­ры болуы тиіс.
– Кеңес үкіметінің шекпенінен босап шыққан елдердің арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жағынан кемшін тұстарымыздың бары жа­сырын емес. Бұл олқы­лықтың орнын толтыру үшін қоғам болып атсалысу керек. Яғни, мемлекет тарапынан қазақ тіліне жасалып отырған жағдайды дұрыс пайдалануымыз. Соңғы кездері қоғамда жиі айтылып жүрген мәсе­ленің бірі мемлекеттік тілді көтеру. Әлеуметтік же­лі­лерде, жиындарда түрлі ұсыныстар мен пікір­лер ай­тылып жатады. Бірақ, іс жүзіне келгенде ешкім оны орындап жатқан жоқ. Менің айтқым келгені қоғамда мемлекеттік тілге деген сұранысты арттыру керек. Азаматтар тарапынан қажеттілік болмаса, бұл мәселе сол күйі қала бермек, – деді Дос Көшім.
Сондай-ақ жиында қазақ тілін латын қарпіне көшіру жайы да сөз болды. Жылдың соңына қарай латын әріптеріне ыңғайластырылған жаңа әліпби қабылданатынын айтқан брифингке қаты­сушылар осы мәселеге де бейжай қарамау керек екенін жеткізді. Ғалым­дармен өткен жиындарда ұсыныстарды ортаға салып, белсенділік таныту керектігі айтылды.
Айнұр АҚБАЕВА

Бөлісу
Алдыңғы бетҰБТ-ға өзгеріс
Келесі мақалаҚысқа-нұсқа

Жауап қалдыру