Мемлекет ипотекалық борышкерлерге қол ұшын созады

0
88

Ұлттық банктің директор­лар ке­ңесі ипотекалық қарыз­дар­ды қай­та қаржыландыру бағ­дар­ламасын мақұлдады.
Банктің баспасөз қыз­ме­ті­нің мә­лі­метінше, ҚР Үкі­ме­ті мен Ұлт­тық банк Мемлекет бас­шы­сы­ның тапсырмасын іс­ке асыру үшін ипотекалық несие алу­шы­лар­дың проблемаларын ше­шу мақ­сатында Ұлт­тық банк­тің қа­ра­жатынан 130 миллиард тең­ге бө­лу туралы шешім қа­был­дан­ған.
«Ұлттық банк «Проб­ле­ма­лық несиелер қоры» АҚ-ны 130 миллиард теңге сомасына үс­те­ме капиталдандырады, ол өз кезегінде, екінші дең­гей­де­гі банктерде жылдық 2,99 пайыз­дық сыйақы мөл­шер­ле­ме­сі­мен 20 жыл мерзімге депо­зит­тер­ді орналастырады. Бұл қа­ра­жат­ты банктер жеке тұлғалар­дың ипо­те­калық тұрғын үй/ипо­те­ка­лық қа­рыз­да­рын қайта қар­жы­лан­ды­ру­ға жібереді», – делінген ха­бар­ламада.
Бағдарламаның мақсаты – қа­рыз алушылардың барынша көп бө­лі­гі үшін ипотекалық қа­рыз­дарды өтеу талаптарын же­ңіл­дету, проблемалық не­сиелер мен экономиканың доллар­ла­ну дең­гейін төмендету.
Бағдарламаның негізгі өл­шем­де­ріне сәйкес қарыз алу­шы­ның және оның жұ­байы­ның (зайы­бының) жалғыз баспана­сы ке­піл­ге салынған, 2004–2009 жыл­дар аралығындағы ке­зең­де бе­ріл­ген ипотекалық тұрғын үй үшін ипотекалық қарыздар қай­та қаржыландырылады.
Ол үшін қойылатын басты талаптар мыналар: жыл­дық 3%-дан аспайтын сыйақы мөл­шер­лемесі бойынша ва­лю­та­лық қарыздарды теңгеге кон­вер­тациялау (айырбастау), қа­рыз мерзімін 20 жылға дейін ұл­ғай­ту. Осы бағдарлама ең алдымен ха­лық­тың әлеуметтік әл­сіз топтарына жататын ипо­те­ка­лық қарыз алушыларға бағытталады. Қарыз алушының борыш­тық жүк­те­месін жеңіл­де­ту мақ­са­тын­да негізгі борыш­тың қал­дығы қайта қар­жы­лан­ды­ры­лады, бұл ретте қа­рыз алу­шының қайта қаржы­лан­ды­рыл­ған қарызы бойынша сыйақы, ко­миссиялар, тұрақ­сыз­дық айы­бы бойынша береше­гін банк­тер кешіреді.
Банктердің қарызды қай­та қар­жы­лан­дыру кезінде қан­дай да болмасын комиссиялар­ды, алым­дарды немесе өзге тө­лем­дер­ді алуға құ­қы­ғы жоқ. Бағдарлама шеңберін­де бол­жам­мен алғанда 20 мың­нан астам қарыз, оның ішін­де ха­лық­тың әлеуметтік әл­сіз топ­тары санатына жататын 5 мың­нан астам бо­рыш­кер­дің қа­ры­зы қайта қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын бо­лады.

Жауап қалдыру