Мектеп оқушысы әлем чемпионы болды

0
108

Румынияның Яссы қала­сын­да шахматтан әлем чем­­пионаты аяқталды. 15 жас­қа дейінгі жас сана­тын­да қазақстандық спор­т­шы Әсел Серікбай әлем чем­пио­ны атанды.
Чемпионат медалін қызы­лордалық тағы бір спортшы – Назерке Нұрғали алды. Ол 40-тан астам жасөспірім қа­тысқан 13 жасқа дейінгі шах­матшылар арасында күміс ұтты. «Әрине, әлем чем­пионатында сәтті өнер көр­сет­кеніме қуаныштымын. Бұ­рын 9 жасқа дейін әлем чем­пионы болғанмын. Содан бері жеті жыл өтті. Нәтижені тағы қайталадым. Бұл жоғары дең­гейдегі шахматшылар жа­рысқа түскен ересек санатқа жатады. Қызылорда облысы спорт басқармасының басты­ғы Садық Мұстафаевқа және бапкерім Василий Шимел­ковке алғыс білдіргім келеді. Сондай-ақ алғашқы бапкерім Риза Төлтайқызы Қош­қа­ро­ваға және Қазақстан шах­мат федерациясына алғы­сым шексіз», – деді таяуда Таш­кентте Азия чемпионы ата­ғын ұтқан Әсел Серікбай.

Жауап қалдыру