Малайсары батырдың қола ескерткіші бой көтереді

0
88

Кереку өңіріндегі жеке­мен­шік «Малайсары-Тар­хан» қоғамдық қоры облыс ор­та­­лығында бой көтере­тін Малайсары батыр ес­керт­кішінің үздік эскиз­дік жо­басына байқау жария­лады.
Қордың төрағасы Ермат Байғұрмановтың айтуынша, республикалық деңгейдегі байқау қорытындысы шыға­рыл­­ған соң облыс орталығында қазақ халқының біртуыр пер­зенті, Май ауданының ту­масы, батыр Малайсары Тар­ханның ескерткіші бой көтермек. болашақ ескерт­кіш таза қоладан құйылады. Нысанның жалпы биіктігі 11 метрді құрайды. Нақтырақ айтқанда, тұғыр 5 метрлік, ал мүсіннің өзі 6 метрлік болады. Ескерткішті соғуға облыстың жомарт азаматтары қаржылық қолдау көрсетеді.

Жауап қалдыру