Мұғалімдерге қанша үстемақы қосылады?

0
81

Өңірлік ком­му­ни­ка­ция­лар қызме­тінде таяуда өткен бас­пасөз мәс­хиха­тында Алматы қаласы Бі­лім басқарма­сының бас­шысы Гүлнар Қожа­бер­­генова мұға­лімдер жа­­ла­қысына қосы­латын үс­те­­мақы мөл­шері туралы мә­лім етті.
Басқарма басшысы санаты мен еңбек өтілі жоқ жас мұғалімдерге 18 696 теңге үстемақы қосылатынын айтты.
– Педагогтың мәртебесін кө­теру ерекше назарға алын­ды. Елбасының ха­лық­қа Жолдауында атап көрсетілгендей, жаңа маз­мұнды білім беру жүйе­сіне өткен мұғалім­дердің жа­лақысы 30%-ға өседі. Са­наты мен еңбек өтілі жоқ жас мұғалімдерге 18 696 теңге, жоғары санатты мұға­лімдерге 27 мыңнан аса теңге үстемақы қосылады, – деді ол.
Сонымен қатар, басқарма басшысы орта білім беру деңгейінде жаңартылған мазмұнды білім беруге кезеңдеп өту 2020 жылы аяқталатынын айтты.
– Осы ретте жаңартылған мазмұнды білім беруге 2016 жылы 1-інші сыныптар, 2017 жылы 2, 5, 7-сыныптар өтті. 2018 жылы кезеңдеп өту 3, 6, 8- сыныптарда жалғасын табуда. 2019 жылы, 9, 10-сыныптар, 2020 жылы 11-сыныптар өтеді, – деді ол.

Алмас МҰҚАШҰЛЫ

Жауап қалдыру