«Мұңайма!»

0
82

Саддам Хусейннің түрмеде жатып оқыған кітабы бестселлерге айналды!
Саудиялық оқымысты Айд әл-Карридың «Мұңайма!» деп аталатын еңбегі бестселлерге айналып, әлемдегі 30-дан астам тіл­ге аударылды. Ал кітап­тың жалпы данасы 11 миллион­нан асып түс­кен. Бұл кітап түр­ме­де жат­қан Саддам Хусейннің өмі­рі­нің соңғы күндері алданышына айналып, оған кәдімгідей қуат берген көрінеді. Тіпті Ирак­тың бұ­рын­ғы басшысы оны бірне­ше мәр­те қайталап оқып шыққан.
Айд әл-Карридың «Мұ­ңай­ма!» деп аталатын осы еңбе­гін 2011 жылы «Умма «бас­пасы орыс тіліне аударған болатын. Әр адам­ның өміріне аса қа­жет­ті пайдалы кеңестер жа­зыл­ған еңбек жарыққа шы­ғы­сы­мен бірден жүздеген мың адам­ның сүйіп оқитын кі­та­бы­на ай­нал­ған. Онда автор ба­қыт­қа қа­лай қол жеткізуге болады, өмі­рің­ді қа­лай өзгерте аласың, – деген сансыз сауалдарға жауап беруге ты­рыс­қан екен. К­ітап­ты арнайы ал­дырт­қан Сауд Ара­бия­сы­ның қазіргі королі Салман ибн-Абдул Азиз әл Сауд тақ мұ­ра­ге­рі болып тұрған кезін­де оны үш мәр­те қайтара оқып шы­ғып­ты.
Сусамырдың емі – шұбат
Сусамыр дертіне шипа таппай әлемдік медицина дағ­да­рып жат­қанда шымкенттік ға­лым Мұ­са­тілла Тоқанов оның дауасын түйе сүтінен тапты. «Егемен Қазақстан» га­зе­ті­нің жазуына қарағанда бұ­ған әлем­дік медицина әлі күн­ге дәр­мен­сіз. Бірақ емін жаппай із­деп жатыр.
Мәскеудің Герцен атында­ғы он­кологиялық ин­сти­ту­ты­ның профессоры Р. И. Якубовс­кая бас­та­ған бір топ ға­лым­дар обыр ауруының алдын алатын лап­рот деген препаратты өн­ді­ріс­ке енгізбекші. Профессор ракқа қарсы лактоферрин деген фер­мент­ті ана сү­ті­нің ақуы­зынан тапқан. Бір­ақ ғы­лыми жа­ңа­лық­тың өзін­дік қиын­дық­тары аз емес. Мә­се­лен, 1 грамм лактоферринді алу үшін 25 әйел­дің сү­ті өңделуі керек. Оның өзін­дік құны 2500–3000 АҚШ доллары. Ал 100 грамм алу үшін 2,5 тонна ана сүті керек.
Ғалымның дәлелдеуін­ше түйе сүтінен де лактоферрин алу­ға болады. Сонымен қа­тар, түйе сүті сиыр сү­ті­мен са­лыс­тыр­ғанда «С» дә­ру­ме­ні 5 есе, «РР» 3 есе, «Е» 2 есе, «те­мір» 10 есе, «кальций» 1,5 есе, «лактоферрин» 30 есе көп.
Басқа қасиеттерін сана­ма­ған­да құрт ауруына, ішек-құ­ры­лыстары, бауыр, дәрумен же­тіс­пеу­ші­лік, қан аздық және қант ауруына бірден-бір ем түйе сү­ті кө­рі­неді.

Жауап қалдыру