Ұлттық университет ғалымдары референдумды қолдайды

0
18

Жүзеге асып жатқан бағдарламаларды аяғына дейін жеткізу үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылға дейін референдум арқылы ұзарту керек. 27-желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесі осындай шешім қа­былдады. Сонымен қатар, шығысқазақстандықтардың бастамасын қолдаған ҚазҰУ ғалымдары ғылыми кеңесте қол жинау үшін жұмыс істейтін арнайы комиссия құрды.

Бүгінде Елбасының өкілет­тілігін 2020 жылдың 6-жел­тоқ­санына дейін ұзарту жөнінде республикалық референдум өт­кізуге байланысты мәселені қо­ғам қызу талқылап жатыр. ҚР Бас прокуратурасы жиналыс пен бастамашылық топты құру шаралары «Респуб­ли­калық ре­фе­рендум туралы» конститу­ция­лық заң талапта­рына то­лық­тай сәйкес келеді» десе, Ор­талық сайлау ко­миссия­сы­ның төрағасы Қуан­дық Тұр­ған­құлов «Референ­думды ұйым­дастыруға кететін шығын пре­зиденттік сайлауды өткізуге кететін шығыннан әлдеқайда төмен» болатынын айтты.

Жауап қалдыру