LRT құрылысы жалғасады

0
78

Елордада жеңіл рельсті көлік құрылысы (LRT) бойынша жоба жалғасын табады. Бұл туралы Үкімет басшысының бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқ­парат тілшісі.
– Нұр-Сұлтанда жеңіл рельсті көлік құрылысына келер болсақ, бұл бағыттағы жұмыс жалғастыруды қажет етеді. Бұл инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Қытайдың Мемлекеттік даму банкімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл займды қайта қар­жыландыру туралы келісетін секілдіміз, яғни осы жобаны қаржыландыруға қа­тысты ел ішінде қаржы кө­зі ізделетін болады, – дейді Әлихан Смайылов Үкі­мет отырысынан кейін тіл­шілердің сұрағына жауап беріп.
Министр қазіргі уақытта жобаны қайта қаржы­лан­дыру көздері іздестіріліп жат­қанын айтып өтті.
– Мемлекеттік даму банкі желісі бойынша мәселелер туындағандықтан, бұл сұ­рақ­тарды Нұр-Сұлтан әкім­дігіне жолдауға болады. Ал біз, қайта қаржыландыру бойынша басқа көздерді іздестірудеміз, – дейді министр.

Жауап қалдыру