Лондонда Тәуелсіздік күні аталып өтілді

0
97

Лондонда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай ресми қабылдау өтті, деп хабарлады «Хабар 24».
Қабылдау 17-18 ғасырларда британиялық корольдердің ресми резиденциясы ретінде пайдаланылған және бүгінгі күнге дейін сақталған жалғыз сарайда өтті. Мұнда «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім аймағы» халықаралық көрмесі мен «Астана – Еуразия жүрегі» және «Беймәлім Қазақстан» атты фотокөрмелерге арнайы орын бөлінді.
Жиналғандар Қазақстанның дамуы мен Астананың геосаяси және экономикалық мәселелерді шешудегі табысты рөліне жоғары баға берді. Өткен жылды қорытындылай отырып, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов Қазақстан-Британия қарым-қатынасының дұрыс бағытта дамып жатқандығын атап өтті. Салтанатты қабылдауға саяси, академиялық, мәдени және бизнес қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Жауап қалдыру