Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі өзгертілмек

0
43

Қазақстанда бизнестің, үкіметтік емес ұйым­дардың және азаматтардың қатысуы есебі­нен әлеуметтік қызмет көрсетуді жаңғырту жоспар­ланып отыр. Бұл туралы Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев мәлім етті.
«Құжат әлеуметтік қызмет көрсетуге мемлекеттік ор­гандар мен ұйымдардың, сонымен қатар жеке сек­тордың, ҮЕҰ, ел тұрғындарының бірдей қатысуын қам­тамасыз ету жолымен әлеуметтік қызмет көрсетуді жаң­ғыртуды қарастырады», – деп тоқталды Н. Әлтаев.
Белгілі болғандай, заң жобасында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Рес­пуб­­ликасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын адамдар санаттарын нақтылау, сондай-ақ Әлеуметтік сақтандыру қорына аударым­дарды төлеу тәртібін әрі мөлшерлерін нақтылау және басқа да түзетулер көзделген.

Жауап қалдыру