Әлемдік тарихта қалады ісің

0
60

Ассалаумағалейкум, Нұреке!

Ағарысым!

Қазақтың қорғанысың, қамалысың.

Төле би — төбе бидей беделің бар

Халқыңа сол бабаңдай бағалысың?!

Астана Саммитінде шырқап шықтың

Әлемдік тарихта бұл қалады ісің.

Ол шындық!

Қазақтың шын Сұлтанысың.

Ұлтанды ел — ұлы атаның ұрпағысың,

Шапағын абат күннің шашып елге.

Арайлап атқан шуақ — нұр таңысың!

Арқаның қақ төрінен қала орнаттың

Бұл — мәңгі үлгі-өнеге ұрпақ үшін?!

Талмайтын, жарыс десе — тұлпарысың,

Самғайтын, ғарыш десе — сұңқарысың!

Алатау Алматының көркі десек,

Ал өзің байтақ елдің бір тауысың.

Тіл-көз бен көлденеңнен аман-сау жүр,

Бұдан да биіктерге шырқау үшін?!

Мақсұт Неталиев,

ақын.

Жауап қалдыру