Керекуде көпбалалы отбасыларға пәтер беріледі

0
132
????????????????????

Ертіс өңірінде көп­балалы отбасылар үшін 143 пәтер сатып алынады. деп ха­барлайды pavlodarnews.kz.
Көкек айында Ақсу қа­ласында Астана көшесі, 58 үй мекенжайы бойынша қайта жаңартылған ғимараттан 57 пәтер сатып алынды. Сонымен қатар, Ақсу қаласында 28 екіпәтерлі тұрғын үй салынуда. Әр үй 90 шаршы метрлік үш бөлмелі екі пәтерден тұрады. Үйлер барлық ор­талық коммуникациялармен қамтылады.
Тамызда тұрғын үй құры­лысын аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде 56 көп балалы отбасы өз пәтеріне кіре алады.
Сондай-ақ көпбалалы от­ба­сыларды Ленин кентіндегі қайта жаңартылатын бес қабатты үйге орналас­тыру жос­парланған. Сарапта­ма­дан оң нәтижемен өткен жоба­лық-сметалық құжат­тамасы дайын. 30 пәтерді сатып алуға 252 миллион теңге қарастырылған.

Жауап қалдыру