Канадалық бизнесмендер селекциялық орталық салмақшы

0
48

Ақпанның бірінші күнінде Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов Алматы қаласында канадалық «SEMEX» компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

«SEMEX» компания­сы­ның директорлар кеңесінің төрағасы Пол Лармер мен вице-президент Норман Мо­наухтон облыс әкіміне өздерінің Қазақстанға тек тұ­қымдық қорды ғана жеткі­зіп қоймай, соны­мен қатар генетиканы дамы­тумен ай­налысуға да ниет етіп отыр­ғанын хабар­лады. Канадалық биз­несмендер Ал­маты об­лы­сында ауылша­руашы­­лы­ғы генетикасына ену құры­лы­мын (орталығын) құруды ұсынуда. Осы мақ­сат­та мемлекеттік құрылым­дармен де, жеке құрылым­дармен де болашаққа жос­парланған әріптестікті да­мыта түспекші.

«Егер Алматы облысын­да селекциялық орталық са­лынса, онда болашақта осы жерден ет пен генети­ка­лық өнімдерді экспорттауға мүмкіндік туады», – деп атап өтті Пол Лармер.

Батыс Қазақстан облысы

Екі бірдей жаңа нысан ашылды

Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында екі бірдей жаңа нысан іске қосылды.

Оның бірі – Елбасы тап­сырмасына сәйкес аудан ор­талығында бой көтерген 280 орындық «Нұрбалапан» балабақшасы. «Әлім» ЖШС тұрғызған жаңа ғимаратқа республикалық бюджеттен 370 млн теңге бөлінген болатын. Сөйтіп Қазталов ауылындағы балдырғандар қуанышқа кенелді.

Екінші нысан – қазіргі заманғы «Жаңа тал» қонақ­үйі. Бұған 32,092 млн теңге жұмсалды. Мемлекеттік ком­муналдық кәсіпорын салған 10 орындық қонақүйде бар­лық жағдай жасалған.

Аталмыш ғимараттардың пайдалануға берілуі жаңа жұмыс орындарын ашуға мүм­кіндік берді.

Көршісін көкжалдан арашалады

Батыс Қазақстан облысына қарасты Жаңабұлақ ауы­лының төрт тұрғынына қасқыр шапқан.

Абай Ибатов: «Шыңғыр­ған әйел даусын естісімен терезе­ден сыртқа көз тас­тадым. Қара­сам, тапа тал түсте бір көкжал көрші келіншекті талап жа­тыр. Бірден сыртқа атып шы­­ғып, көршімді қасқырдан ара­шалап, жыртқышпен өзім ар­­палысып кеттім. Осы сәтте басқа еркектер де маған көмекке жетіп, айырларымен қас­қыр­ды шанышқылап өл­тірді. Жаралан­ғандар бірден Ақжайық ауру­ханасына жет­кізілді» дейді ер­жүрек аза­мат. Жергілікті ма­ман­дар қас­қырдың құтырған еместігін анықтады. Десе де оның ба­сы зертханаға жіберіл­ді.

Зардап шегуші Асылха­ным Мұхтарова тапа тал түсте өзіне тарпа бас салған қасқыр екен­дігін кейіннен бір-ақ білген. Егерде көршісі мен ауыл­дас­тары болмаса өзінің қасқырдың жеміне айналып кете жаз­да­ғанды­ғын айтып, құтқар­ған­дар­ға тебірене ал­ғысын білдіруде.

Шығыс Қазақстан облысы

Коммуналдық көтерме бағалар базары құрылуда

Өскеменнің қалалық әкімдігінде коммуналдық көтерме бағалар базарын құру жөніндегі барлық құқықтық аспектілерді қарау жұмысы аяқталуға жақындап қалды.

Өкінішке қарай, қолға алынып жатқан шараларға, атап айтқанда кәсіпкерлер­мен қол қойылған ең төменгі сауда үстемелері, демалыс күні жәрмеңке өткізу, әлеу­меттік бағадағы нан сату жөніндегі меморандумдар және тағы да басқа ша­раларға қарамастан жыл соңында Өскемен қаласы бойынша тұтыну және қыз­меттер тарифтері 108,1 пайызға қымбаттап кеткен.

«Бұл бір әкімшілік шара арқылы мәселені ше­шу мүм­кін емес дегенді біл­ді­реді. Ең қажетті азық-түлік өнімдерінің бағасын тұ­рақ­тандыру жөнінде на­рық­тық механизмдерді пайда­лану керек, міне, сол үшін коммуналдық көтерме ба­ға базарын құру жос­пар­ланып отыр. Оның қыз­меті инфляциялық үдеріс­тер үшін бағаны ұстап тұратын фак­торға айналады», – дейді Өскемен қаласының әкімі Ислам Әбішев.

Былтырғы жылы Өске­меннің кәсіпкерлерімен ең қажетті азық-түліктерге, ұнға, нан, сүт, ет, өсімдік майы, шекер, жарма, жеміс-жи­дек, жұмыртқа бағасына ең төменгі үстемелер қосу ту­ра­лы 812 меморандумға қол қойылған болатын. Ал баға тұрақтандыру қорынан бө­лінген астық нан бағасын осы күнге дейін бұрынғы ба­ғада сатуға мүмкіндік берді. 1 сұрыпты ұннан дайы­н­дал­ған әлеуметтік нан жыл бойы сауда желілерінде бір бөлке­сі үшін 43 теңгемен саты­лып келді. Демалыс күндері 23 жәрмеңке өткізілді.

Алайда, көріп отырғаны­мыздай, инфляция­ны ұстап тұру мүмкін болмады.

Оңтүстік  Қазақстан облысы

«Президент аппаратының»

атын жамылған алаяқ ұсталды

Оңтүстік өңірінде өзін президент аппаратының  қыз­метшісімін деп алаяқтықпен айналысқан павлодарлық азамат ұсталды. Жоғары лауазымды қызмет жасаймын деген жалған атпен  ол жергілікті кәсіпкерлерден ақша жымқырған.

Алаяқтың қолға түсуіне бір кәсіпкердің ішкі істер органдарына шағымданғаны себепкер болған. Алаяқ кәсіп­керден 500 доллар талап еткен. Уәделескен уақытта кәсіпкер­мен бірге кездесуге  ішкі істер органдарының қызметкерлері де барады. Адамдарға заңсыз қыспақ көрсетіп, алаяқтықпен айна­лысқан азамат 29 жаста. Павлодар облысының тұр­ғыны, бұрындары соттал­маған.

Оңтүстік Қазақстан об­лы­­сының ІІД алаяққа «алаяқ­тық» бабы бойынша қыл­мыстық іс қозғады.

Қарағанды облысы

Өрттен бір ер адам қаза тапты

Төтенше жағдайлар ми­нистрлігі хабардар еткен­дей, Қарағандының Днепр көше­сі, 57 үй мекен-жа­йында бол­ған өрт 31-қаңтар күні талтүс­те басталған.

«Жалын аумағы 12 шар­шы метрді құрады. Оқиға орнында 51 жастағы ер адамның денесі табылды», – делінген баспасөз қызметі­нің таратқан ақпаратында.

Жауап қалдыру