Кәсіпкерлерді тексеру 2 есеге қысқарды

0
29

Көлегейлі экономикамен күресу үшін тәуекелдерді басқару жүйесі жетілдіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Мем­лекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
– Ереже бұзу қаупі жоғары аймақтарға баса назар аудару және салық міндеттемелерін ерікті орындау принциптерін кеңейтудің нәтижесінде камералық бақылау бойынша өндірудің үлес салмағын 88 пайызға арттыруға қол жеткізілді. 2018 жылдың 10 айында 162,1 млрд теңге өндіріліп, қаржы мемлекеттік бюджетіне түсті. 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, тексерістер саны 34 636-дан 16 232-ге дейін немесе 53 пайызға қысқартылды, – делінген хабарламада.

Жауап қалдыру